419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» хоккейшілері «Металлургті» жеңді

  • 369
  • UPD: 09:52, 02.03.2020
«Барыс» хоккейшілері «Металлургті» жеңді

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңін жеңіспен бастады.

Магнитагорскінің «Металлург» командасын қабылдаған елорда хоккейшілері 4:0 есебімен басым түсті. Матчтың 14-минутында Кертис Волк айдын иелерін алға жетеледі. Андрей Скабелка шәкірттері екінші кезеңде тағы бір шайба соқты. Бұл жолы қорғаушы Атте Охтамаа күшті соққысымен алыстан қақпаның бір бұрышын дәл көздеді. Соңғы кезеңде «Металлург» жаттықтырушылары қақпашыны алмастырып, айдынға алтыншы ойыншы шығарды. Алайда Магнитагорск командасы сан басымдығын нәтижеге ұластыра алмады. Ииро Пакаринен бос қақпаға үшінші шайбаны сырғыта салды. Кездесуге Даррен Диц нүкте қойды. Бұл ойында «Барыс» шабуылшысы Дастин Бойд құрлықтық хоккей лигасындағы 500-ші матчын өткізді. Плей-офф кезеңіндегі қарымта ойын ертең «Барыс-аренада» өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы