418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эль-Класико: кім жеңді

  • 382
Эль-Класико: кім жеңді Футбол 24

Мадридтегі Эль-Класико алаң иелерінің пайдасына аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Реал» «Барселонадан» 2:0 есебімен басым түсті. Корольдік клуб каталониялық командадан Ла лигада араға төрт жыл салып, айласын асырды. 26-турдың орталық кездесуінде біразға дейін есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін Винисиус Жуниор алаң иелерін алға жетелесе, Мариано Диас нәтижені еселеп, «Реалдың» мерейін үстем етті. Зинедин Зидан шәкірттері 26 турдан кейін 56 ұпай жинап, бірінші орынға көтерілді. Бір ұпайы кем «Барселона» екінші орынға сырғыды.

Хабар 24 телеарнасы