426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте үстел теннисінен халықаралық турнир өтпейтін болды

  • 239
  • UPD: 16:11, 04.03.2020
Шымкентте үстел теннисінен халықаралық турнир өтпейтін болды

Шымкентте үстел теннисінен 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы үшінші халықаралық турнир өтпейтін болды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Халықаралық сынға Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан командалары мен Ресейдің Екатеринбург қаласының клубы қатысады деп күтілген. Алайда 6 наурыз күні басталуы тиіс бәсеке коронавирус қаупіне байланысты кейінге шегерілді.

Айта кетелік, әлемнің 77 мемлекетіне таралған коронавирус инфекциясынан соң Қазақстанда халықаралық жарыстар өткізуге тыйым салынды.

Хабар 24 телеарнасы