426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ж.Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы анықталды

  • 312
  • UPD: 16:26, 04.03.2020
Ж.Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы анықталды

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

MMA Junkie ақпараты бойынша, қазақстандықтың қарсыласы Джордан Эспиноза. Америкалық спортшы UFC-де үш жекпе-жек өткізіп үлгерген: 2019 жылы бірінші кездесуінде жеңіп, кейінгі екеуінде жеңілді.

Айта кетейік, екі жеңіліс те «сабмишенмен» болды. Ал жалпы ММА-де 14 жеңіске жетіп, жеті рет жеңілген екен. 

Жұмағұлов – Эспиноза жекпе-жегі UFC ұйымының Қазақстандағы ең алғашқы турнирінде өтеді. Бұл шоуды 13 маусым «Астана Аренада» өткізу жоспарланған.

Өткен айдың соңында ең танымал промоушн қазақстандық спортшымен келісімшарт жасасқанын жазған едік. 

Хабар 24 телеарнасы