476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жанкүйерлер Оспанов vs Мирзаев жекпе-жегін тағатсыздана күтіп отыр

  • 805
  • UPD: 13:18, 05.03.2020

Ережесіз жекпе-жек спортын ерекше құрметтейтін жанкүйерлер 6 наурызды асыға күтіп отыр. Дәл осы күні  Алматы Арена спорт кешенінде ресейлік Шамиль Шахбулатов бразилиялық Дэниель Жубилеомен чемпиондық атақты сарапқа салады. Көпшілік тағатсыздана тосып жүрген Арман Оспанов пен Расул Мирзаев жекпе-жегі де осы кештің тұздығына баланып отыр. Әскери самбоның мықтылары бір-бірімен жолыға алмай жүрген. Кеше спортшылар көпшілік алдында ашық жаттығу өткізді. Бұған дейін Қазақстаннан бір емес, бірнеше рет  олжалы қайтқан Расул Мирзаев Оспановтың осал тұсын табарына сенімді. Оған Арманның да айтары бар.

Арман Оспанов, әскери самбодан екі дүркін әлем чемпионы:

- Олай көп айтуға болмайды ел жайлы, жұрт жайлы. Қазақтың елінде батырлар болған. Бола береді де. Осындай жерді найзаның ұшымен, білектің күшімен алып қалған батыр ағаларымыздың, батыр аталарымыздың бәрі тегіннен тегін емес. Соның жалғасы ретінде осындай ұрпағы ретінде бұйырса, өзіміздің білек күшімізді көрсетуге тырысамыз. 

Данияр Қасқарауов, Алаш Прайд клубының президенті:

- Соңғы кездесуінде екеуі де жеңіліс тапты. Бірақ Арман енді үміт күтіп отырған спортшылардың бірі. Сол себептен көпшілік осы екі кездесуді күтіп отыр. Енді ұзаққа созылған көп жылдан бергі шешуі енді осы 6-сы күні белгілі болады. Одан кейін жалпы Қазақстаннан 6 спортшы қатысады ғой. Осындай бір жарыста ең мықты 6 спортшыны шығару да оңай емес.

Хабар 24 телеарнасы