417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналдиньо жалған құжатпен ұсталды

  • 583
  • UPD: 16:19, 05.03.2020
Роналдиньо жалған құжатпен ұсталды Спорт-Экспорт

«Барселона» мен Бразилия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Роналдиньо Парагвайға бару үшін жалған құжат қолданды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды vesti.kz ABC Color газетіне сілтеме жасап.

 4 наурыз спортшы аялдаған қонақүйде тінту жүріп, полиция Роналдиньо, оның агенті және ағасының атына жасалған төлқұжат табылған. Бүгін олар түсінік беру үшін прокуратураға баруы керек. 

Басылымға берген сұхбатында Парагвайдың ішкі істер минстрі Эуклидеса Асеведо спортшы, оның агенті мен ағасын тұтқындауға ордер берілген. Алайда оларды қамауда ұстау орны анықталмады. 

Роналдиньо салық төлемегендіктен шетелдік төлқұжатынан айырылған. Сонымен бірге отбасының үйі орналасқан көл жағасына табиғатты қорғау заңнамасын бұза отырып, пирс салғаны үшін 8,5 миллион реал (2,2 миллион доллардан астам) айыппұл салынған еді. 

Хабар 24 телеарнасы