421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы марафоны ешбір қауіпке қарамастан өткізіле береді

  • 317
  • UPD: 10:09, 06.03.2020
Алматы марафоны ешбір қауіпке қарамастан өткізіле береді

Коронавирус індетінің кең етек жаюына байланысты әлемдік жарыстардың біразы кейінге шегеріліп жатыр.

Қазақстан да бірнеше халықаралық турнирлерден бас тартты. Алайда Алматы марафонын ұйымдастырушылар дайындық жұмыстары тоқтамайтынын мәлімдеді. Алатау етегіндегі желаяқтар жарысы уақытында өтеді. Егер індетке байланысты пандемия жарияланып, бұқаралық сипаттағы іс-шараларды тоқтату туралы бұйрық шықса, ұйымдастырушылар марафонды басқа күнге ауыстыруы мүмкін.

«Қатысушыларды вирустан қорғау мақсатында қосымша шараларды қолға алып жатырмыз» дейді жауапты ұйым өкілдері. Бұған дейін мәдениет және спорт министрлігі мамыр айына дейін халықаралық жарыстарға қатыспау туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы