417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кейінге шегерілген «Ювентус» – «Интер» матчы қашан өтетіні анықталды

  • 499
  • UPD: 10:03, 06.03.2020
Кейінге шегерілген «Ювентус» – «Интер» матчы қашан өтетіні анықталды Getty Images

Италия чемпионатының кейінге шегерілген Туриннің «Ювентус» пен «Интер» арасындағы 26-тур матчы 8 наурызда өтеді.

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды. Мұның алдында коронавирус салдарынан ойын 13 мамырға ауыстырылатыны хабарланған еді. Бастапқыда кездесу 1 наурызға белгіленген болатын. 

Сонымен қатар 8 наурызға А сериясындағы «Удинезе» – «Фиорентина», «Милан» – «Дженоа», «Парма» – СПАЛ мен «Сампдория» – «Верона» кездесулері және «Сассуоло» – «Брешия» ойындары 9 наурызға қойылды.

Football Italia мәліметінше, осылайша А сериясындағы 27-тур матчтары ауысытырылды, бұл ойындар демалыс күндері өтуі керек болатын. 

Сәрсенбіде Италиядағы барлық спорттық іс-шаралар коронавирусқа байланысты көрермендерсіз өтетіні хабарланған. 

Италияның минстрелер кеңесі 31 қаңтарда елде вирустың таралуына байланысты жарты жылға төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдаған. 

Хабар 24 телеарнасы