445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшылар Финляндиядағы халықаралық турнирдің жартылай финалына өтті

  • 100
  • UPD: 12:47, 07.03.2020
Қазақстандық боксшылар Финляндиядағы халықаралық турнирдің жартылай финалына өтті olympic.kz

Финляндияның Хельсинки қаласында бокстан «Gee Bee» халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Қазақстандық спортшылар турнирдің жартылай финалына өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

63 келіде сынға түскен Дімұрат Мижитов франциялық Уго Грауды жеңді. 91 келідегі Тоғамбай Сағындық швециялық Виктор Олсоннан басым түсті. 57 келідегі Қайрат Ерәлиев армениялық Артур Газарянды, 69 келідегі Асланбек Шымбергенов моңғолиялық Баярху Ганбаатарды ұтты. 81 келідегі Бек Нұрмағанбет нидерландтық Ник Денуаерді, аса ауыр салмақтағы Нұрлан Сапарбай сербиялық Сергей Кальчугинді жеңді.

Хабар 24 телеарнасы