418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокстан іріктеу турнирі: үш қызымыз лицензиядан қағылды

  • 380
  • UPD: 20:44, 07.03.2020
Бокстан іріктеу турнирі: үш қызымыз лицензиядан қағылды

Амманда бокстан Азия аймақтық іріктеу турнирінің кезекті жарыс күні басталды. Өкінішке орай, Қазақстан әйелдер командасының жолдамадан үмітті тағы бір спортшысы жеңіліп қалды деп хабарлайды Olympic.kz. 

51 келіге дейінгі салмақтағы Ангелина Лукас таиландтық Ютамас Джитпонгқа қарсы шыққан болатын. Өте тартысты өткен кездесуде таиландтық спортшының басымдығы анық байқалды. Ол үш раунд бойы өз мықтылығын дәлелдеп, төрешілер жеңісті Ютамасқа берді. Қорытынды есеп – 1:4, жекпе-жек таиландтық спортшының пайдасына шешілді.

Айта кетелік, бұған дейін Дәметкен Келімбет пен Римма Волосенко жарысты аяқтаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы