413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» плей-офф кезеңінде «Металлургті» жеңді

  • 112
  • UPD: 22:46, 07.03.2020
«Барыс» плей-офф кезеңінде «Металлургті» жеңді

Бұдан бұрынғы үш кездесудің екеуінде «Барыс» жеңіске жетсе, біреуінде «Металлургтің» мерейі үстем болды.

«Барыс» алдымен елордада қарсыласынан 4:0 есебімен басым түссе одан кейін 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал Магнитогорскіде өткен алғашқы кездесуде елордалық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бүгінгі кездесуде екі команданың да белсенділігі айқын аңғарылып тұрды. «Металлург» жеңіске жеткен жағдайда ойындар сериясында таразы басын теңестіретін. Ал «Барыс» басым түссе, плей-офф сатысының келесі кезеңіне жақындай түседі. Сондықтан қос команда да алға қарай ұмтылды. Ойынның 19-минутында «Барыс» хоккейшісі Антон Сагадеев қарсылас команда қақпашысын қапы қалдырды. Екінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Үшінші кезеңнің 56-минутында елордалық хоккейші Дастин Бойд жеңіс шайбасын соқты. Осылайша елордалық клуб 2:0 есебімен жеңді. Енді елордада 9 наурыз күні тағы бір ойын өткізіледі. Жарыс талабы бойынша кезеңнің аталмыш сатысы команданың біреуі төрт жеңіске жеткенге дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы