420,07 490,30 5.68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Испания чемпионатында дубль жасады

  • 299
  • UPD: 14:12, 10.05.2020
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Испания чемпионатында дубль жасады prosports.kz

Қазақстан U-17 құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов Сарагоса қаласының клубы «Касабланка» сапында Испания жасөспірімдер чемпионатының жоғарғы дивизионында екі гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші таймнан кейін Данил Анкудиновтың командасы өз алаңында Аррабал клубына 0:1 есебімен ұтылып жатқан. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының футболшысы ойынның 87 және 89-минуттарында гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Еске сала кетейік, Қарағанды ​​қаласының тумасы бұған дейін Барселонаның «Мерсет» клубында ойнаған.

Хабар 24 телеарнасы