427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабиб Фергюсонның белбеуін теуіп жіберді (видео)

  • 309
  • UPD: 10:01, 08.03.2020
Хабиб Фергюсонның белбеуін теуіп жіберді (видео) Prosports.kz

Лас-Вегаста UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен бұрынғы  уақытша чемпионы Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жекке қатысты алғашқы баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іс-шара көз түйістірумен аяқталуы керек еді, алайда спортшылар сахнаға шыққан кезде эмоцияға ерік берді. Фергюсон Хабибті ызаландыру мақсатында түрлі әрекетке барды. Одан кейін өзінің чемпиондық белбеуін еденге қойып, ресейлікті де солай етуге шақыра бастады. Нурмагомедов одан бас тартты және сөзге келісе алмай, Фергюсонның белдігін аяғымен тепті.

Осыдан кейін UFC президенті Дэйна Уайт күзетшілердің көмегімен спортшыларды ажыратып жіберді.

Еске сала кетелік, Нурмагомедов пен Фергюсон арасындағы жекпе-жек 18 сәуірде Бруклинде (Нью-Йорк, АҚШ) UFC 249 турнирі кезінде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы