422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада әуесқойлар арасында теннис турнирі өтіп жатыр

  • 407
Елордада әуесқойлар арасында теннис турнирі өтіп жатыр

«Nur-Sultan Spring Open 2020». Мерейлі мерекеде бас қалада өтіп жатқан үлкен теннис турнирі осылай аталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыс осымен екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Жүлде қоры – 400 мың теңге. Қатысушылардың арасында қазақстандық қана емес, өзбекстандық, ресейлік және ұлыбританиялық қыз-келіншектер де бар. Былтырға қарағанда, әуесқойлардың қатары артқан. Жұптық және жекелей сындарда 150-ден астам теннисші өзара шеберлік байқасуда.

Дина Темірғалиева. әуесқой теннисші:

– Әйелдер үшін мерекеде сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру - біздің басты ұранымыз. Ұйымдастырушы ретінде бізге қолдау көрсеткендерге алғыс білдіреміз. Осы теннис алаңы екі күнге тегін беріліп отыр. Жарысқа Алматы, Көкшетау, Екібастұз, Қарағанды және Өзбекстан, Ресей, Ұлыбританиядан әуесқой теннисшілер қатысып жатыр. Яғни елімізде үлкен тенниске деген қызығушылықтың артқанын байқауға болады.

Ерік Ілиясов, әуесқой теннисші:

– Біріншіліктің ерекшелігі әйелдер күніне орайластырылады. Екі разряд бойынша 20 жасқа дейінгі және 35 жастан асқан әйелдер арасында. Және аралас жұптық – бір ел және бір ер адам қатысуы керек.

Хабар 24 телеарнасы