443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төртінші жолдама: Надежда Рябец Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

  • 110
  • UPD: 22:48, 08.03.2020
Төртінші жолдама: Надежда Рябец Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды olympic.kz

Бокстан Амманда өтіп жатқан аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер командасы бір жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер боксынан 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Надежда Рябец ширек финалдан сүрінбей өтіп, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

1/4 айналымда вьетнамдық Нгуенмен кездескен Рябец тартысты кездесуде төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл Ерік Алғабек жаттықтыратын Қазақстан әйелдер командасындағы жалғыз жолдама.

Ал Қазақстан ерлер командасында әзірге үш жолдама бар. 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов, 81 келідегі Бекзад Нұрдәулетов пен 91 келідегі Василий Левит Токио ойындарына лицензия жеңіп алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы