426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

УЕФА матч алдында қол алысу дәстүрін өткізуге тыйым салды

  • 618
УЕФА матч алдында қол алысу дәстүрін өткізуге тыйым салды

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) матч басталар алдында қол алысу дәстүрлі рәсімін өткізуге тыйым салды. Бұл туралы УЕФА баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, футбол ойындары алдында қол алысуға тыйым салу шешімі Еуропада коронавирустың таралуына байланысты қабылданған. Осы ретте, қарсылас команда мүшелері мен төрешілер УЕФА хаттамасымен міндетті болып келген шараны өткізбейтін болды. УЕФА бұл шешім барлық ойындарға қатысты болатынын және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңестеріне сәйкес келетінін атап өтті.

Еуропада коронавирусты жұқтырудың ең көп оқиғасы Италияда тіркелген. Италияның ANSA агенттігі берген мәліметтерге сәйкес, елде 366 адам вирустың құрбаны болды. Бұл ретте, соңғы тәулікте жаңа типтегі вирустан 133 адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы