448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазығұрт ауданында орталық стадион жөндеуден өткізілді

  • 136
  • UPD: 15:12, 09.03.2020
Қазығұрт ауданында орталық стадион жөндеуден өткізілді

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтті. 60-жылдары бой көтерген нысан әбден тозған болатын. Одан бөлек осыдан он шақты жыл бұрын көктемгі жауынның соңы селге ұласып, стадионның ішін лай-батпаққа толтырып тастаған еді.

Содан бері қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенімен күрделі жөндеуді қажет ететін. Былтыр «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 60 млн теңге қаржы бөлініп, бастан-аяқ ауыстырылған.

«Алаңға жасыл шым төселіп, су қондырғылары мен жарық шамдар орнатылды. Бетон қоршаулар алынып тасталып, оның орнына заманауи темір қоршаулар салынды» дейді аудан тұрғындары. Сондай-ақ 600 адамдық орындықтар қойылып, төбесі жабылған. Енді футбол жанкүйелері сүйікті командаларының ойынын таза, әрі ыңғайлы жерде отырып, тамашалай алады. 

Болат Смайлов, Қазығұрт ауданының тұрғыны:

- Былтырлары мына жерде аяқтың бәрі су болатын. Қазір мынау жолақты резіңке дейді, төсеп жақсы боп қалды. Келеміз, футбол көреміз, таңертең жүгіреміз. Тұрғылықты 10 шақты зейнеткерлеріміз бар. Ағаларымыз, апаларымыз кеп жүгіреді кешке.

Сәбит Шушбаев, №4 спорт мектебінің директоры:

- Шұғылданушылар көп келмейтін қазіргі таңда жүргізушілер көп. Ауданымызда футбол жақсы дамыған. Әрдайым жеңімпазадр қатырынан көрініп келеді. Күн жылығаннан кейін спорттық снарядтарды толықтырып, қосымша қойып, шұғылданушыларға жағдай жасалады.

Хабар 24 телеарнасы