425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан құрамасы велотректен олимпиаданың үш жолдамасын ұтып алды

  • 396
  • UPD: 17:33, 09.03.2020
Қазақстан құрамасы велотректен олимпиаданың үш жолдамасын ұтып алды

Велотректен Қазақстан құрамасы Токио олимпиадасының үш жолдамасын ұтып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін халықаралық велосипед одағы мәлімдеді. Өткен аптада жерлестеріміз Берлин қаласындағы әлем чемпионатында сынға түсіп, үш лицензияға қол жеткізді. Артем Захаров омниум бағдарламасында жақсы нәтиже көрсетіп, қажетті ұпайын еншіледі. Сонымен қатар қазақстандық велотрек шеберлері жекелей спринтте және кейринде жолдамаға ие болды. Ұлттық команда сапында Сергей Пономарев көзге түсті. Ол кейрин сайысында олимпиада нормативін орындады. Бұған дейін Қазақстан тас жолдағы велоспорттан Токио олимпиадасына төрт жолдама ұтып алғанын айта кетейік. Енді трек шеберлері алғаш рет спринтерлік жарыста кешенді сынға қатысады.

Хабар 24 телеарнасы