427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде ерекше жарыс өтті

  • 427
  • UPD: 17:32, 09.03.2020
Мәскеуде ерекше жарыс өтті

Мәскеуде Халықаралық әйелдер күніне орай жүгіруден жарыс өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 600-ден астам әуесқой спортшы қатысты. Марафон Горький атындағы саябақта өтті. Бәсекенің өзіндік ерекшелігі, жарыс басталар кезде сөреде тұрған ер азаматтарға гүл шоқтары таратылды. Олар бүкіл қашықтықты сол гүлдермен жүгіріп өтіп, мәре сызығына жеткенде, оны өз сүйіктілеріне сыйлауы керек. Жалпы жарыс ережесі бойынша барлық қатысушылар 3 топқа бөлінді. Оның бірі студенттік жұптар болса, екіншісі жас жұбайлар, ал соңғы топ егде жастағы ерлі-зайыптылардан құралды. Бір топ еріктілер мейрам күні көшеде жүрген қыз-келіншектерге гүл шоқтарын сыйлады. Ал шаһар билігі әйелдерге қоғамдық көлікте тегін жүруді ұсынды. Музейлер мен өнер орталықтары олардан ақы алған жоқ.

БЛИЦ:

– Өте ерекше жарыс. Әдеттегі мейрамхана немесе серуен емес. Сондықтан болар, оған қатысуды жөн көрдім.

– Бәрі де махаббат пен денсаулықтан басталады. Ал денсаулық кепілі – спорт.

Хабар 24 телеарнасы