413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тректегі велоспорттан ел құрамасы олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды

  • 184
  • UPD: 10:57, 10.03.2020
Тректегі велоспорттан ел құрамасы олимпиадаға үш жолдама жеңіп алды

Халықаралық велоспорт федерациясы тректегі велоспорттан Токиода өтетін жазғы олимпиада ойындарына жолдамаларды үлестірді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұпай жинау кезеңінің нәтижесі бойынша бойынша (Әлем кубогының 9 кезеңі, екі әлем чемпионаты және әлемдік жарыстар) тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасы төртжылдықтың басты додасына үш жолдама жеңіп алды. Токио олимпиадасына ел құрамасынан үш санат (спринт, омниум и кейрин) бойынша екі спортшы қатысатын болады. Қатысатын спортшылар тізімін Қазақстан велоспорт федерациясы кейінірек ұсынады.

Айта кетерлігі, спринт бойынша Қазақстан тарихи жолдамаға қол жеткізіп отыр. Себебі, осы уақытқа дейін қазақстандық спортшылар аталған санат бойынша олимпиада ойындарына қатыспаған. Қазақстан құрамасына тиесілі жолдаманы алу жолында Артем Захаров пен Сергей Пономаревтің көп еңбегі сіңді. Аталған спортшылар Берлинде өткен әлем чемпионатында үздік ондыққа ілінген болатын. Тректегі велоспорт бойынша бәсекелер Токионың Izu велодромында 3 тамыз бен 9 тамыз аралығына жоспарланған. Іріктеу кезеңі аясында барлығы 189 жолдама үлестірілді. Қазіргі таңда Қазақстан командасында Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 41 лицензия бар.

Хабар 24 телеарнасы