447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Василий Левит Иорданиядағы бокс додасының финалына жолдама алды

  • 101
  • UPD: 18:59, 10.03.2020
Василий Левит Иорданиядағы бокс додасының финалына жолдама алды

Аммандағы іріктеу турнирінде екінші қазақстандық боксшы финалға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.

91 келідегі Рио олимпиадасының жүлдегері Василий Левит жартылай финалда иорданиялық боксшымен кездескен болатын. Шаршы алаң иесімен өткен кездесу қазақстандық спортшыға оңай болған жоқ. Төрешілер бірінші раундты бірауыздан Хусейн Ишаиштың еншісіне жазды. Екінші раундта Левит өз мықтылығын дәлелдеп, 5:0 есебімен таразы басын теңестірді. Аса тартысты өткен үшінші раунд та Левиттің жеңісімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық боксшы олимпиадаға іріктеу турнирінің финалына жолдама алып отыр.

Хабар 24 телеарнасы