411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токио Олимпиадасы коронавирусқа байланысты екі-үш жылға кейінге қалдырылуы мүмкін

  • 262
  • UPD: 12:28, 11.03.2020
Токио Олимпиадасы коронавирусқа байланысты екі-үш жылға кейінге қалдырылуы мүмкін

Осы жылдың тамыз айына жоспарланған Токиода өтетін жазғы Олимпиада бір-екі жылға кейінге шегерілуі мүмкін.

Бұл туралы Wall Streat Journal газетіне жапондық ұйымдастыру комитетінің мүшесі Харуюки Такахаши айтты, деп хабарлады life.ru.

«Олимпиаданы мүлде өткізбей тастау мүмкін емес деп ойлаймын, тек уақытын ауыстыруға болады», - деді Такахаши.

Оның айтуынша, Олимпиаданы ауыстыру алдағы жылға басқа спорттық іс-шаралардың уақыты белгіленіп қоюына байланысты қиындықтар тудыруы мүмкін. Сондықтан 2 жылға кейінге қалдыру жеңілірек болмақ.

Хабар 24 телеарнасы