418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Арсенал» футболшылары карантинге жабылды

  • 311
  • UPD: 23:06, 11.03.2020
«Арсенал» футболшылары карантинге жабылды

Ағылшынның «Арсенал» командасы бірнеше футболшысын 14 күндік карантинге жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

27 ақпан күні Еуропа лигасы аясында өткен «Арсенал» – «Олимпиакос» командалары арасындағы матчқа «Ноттингем Форест» пен «Олимпиакостың» иесі Евангелос Маринакис келген. Кейін белгілі болғандай клуб басшысы коронавирус жұқтырған. Осы себепті Евангелос Маринакис жүздескен футболшылар мен қызметкерлерін карантинге жіберді.

Айта кетейік, осы себепті «Манчестер Сити» – «Арсенал» арасындағы матч кейінге шегерілді.

Хабар 24 телеарнасы