447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: NBA ойын маусымын тоқтатты

  • 163
  • UPD: 09:37, 13.03.2020
COVID-19: NBA ойын маусымын тоқтатты

Солтүстік Американың ұлттық баскетбол қауымдастығы NBA ойын маусымын белгісіз уақытқа тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені танымал баскетболшы, «Юта Джаз» командасының ойыншысы Руди Гобер коронавирус жұқтырған. Соңғы екі апта ішінде осы «Юта Джаз» командасы АҚШ-тың бірнеше қаласында ойын өткізіп үлгерген. Ал, бұқаралық ақпарат құралдары індетке шалдыққан Руди Гобердің бірнеше күн бұрынғы қылығын қызу талқылап жатыр. Коронавирустың ушығуына байланысты ұйымдастырушылар баспасөз мәслихаты кезінде тілшілер мен баскетболшыларға қауіпсіз арақашықтықты сақтауға нұсқау берген. Алайда, Гобер мұны күлкі қылып, алдында тұрған бүкіл микрофонды қолымен ұстап шыққан болатын.

Хабар 24 телеарнасы