435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Челси» клубының ойыншысы коронавирусқа шалдыққан

  • 190
  • UPD: 10:37, 13.03.2020
«Челси» клубының ойыншысы коронавирусқа шалдыққан footboom.com

Бұған дейін «Арсенал» футбол клубының бас бапкерінен аурудың белгілері анықталған еді.

«Челси» ойыншысы Каллум Хадсон-Одоидың СOViD-қа тапсырған тест нәтижесі оң болып шықты. Бұл туралы Лондон футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Жуық арада жартылай қорғаушымен байланыста болғандар карантинге жатқызылады.

Жеңіл суық тиюдің нышандары 9 наурызда таңмен білінген, содан бері ол жаттығуларға қатыспады. Қазір Хадсон-Одои өзін жақсы сезінеді, көп кешікпей қатарға қосылуға үмітті.

Хабар 24 телеарнасы