417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жүзуден Қазақстан командасы лицензиялық турнирден алты медаль жеңіп алды

  • 596
Жүзуден Қазақстан командасы лицензиялық турнирден алты медаль жеңіп алды

Харьков қаласында жүзуден Украинаның лицензиялық ашық чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстандық спортшылар алты медаль жеңіп алған, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әйелдер арасында 200 метрге шалқалай жүзуден Анастасия Резванцева екінші орын иеленді. Бұл бәсекедегі алтын және қола медальді украиналық спортшылар еншілеген.

Ерлер арасындағы сында Глеб Коваленя қола жүлдегер атанды. Анастасия Резванцева мен Екатерина Болгарская 50 метрге шалқалап жүзуден тиісінше екінші және үшінші орын алды.  200 метрге кешенді жүзуден Ксения Игнатова күміс жүлдеге қол жеткізді.  Ал Екатерина Болгарская 100 метрге шалқалап жүзуден үшінші сатыға табан тіреді.

Хабар 24 телеарнасы