411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол: Англия - Италия жолдастық кездесуі өтпейтін болды

  • 287
Футбол: Англия - Италия жолдастық кездесуі өтпейтін болды

Италия футбол федерациясы Англия құрамасына қарсы жолдастық кездесу болмайтындығын жариялады, prosports.kz

Бүкіл әлемді дүрліктірген коронавирус пандемиясына байланысты жолдастық кездесу өтпейді. Осыған дейін Италия құрамасы Германия құрамасымен болатын жолдастық кездесуді де өткізбеуге шешім қабылдаған болатын.

Англия - Италия кездесуі 27 наурызда «Уэмбли» стадионында өтуі керек еді. Қазіргі кезде Италия және Англия футбол біріншіліктері уақытша тоқтатылып тұр. Коронавирус пандемиясы спорт әлемін де жайына қалдырған жоқ. Еуропалық командалардың бірқатары карантинге жабылған.

Хабар 24 телеарнасы