445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық теннисші карантинге жабылды

  • 94
  • UPD: 18:50, 15.03.2020
Қазақстандық теннисші карантинге жабылды Prosports.kz

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова COVID-19 коронавирусына байланысты карантинге жатқызылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Карантиннен сәлем! 12 наурызда Мәскеуден Нұр-Сұлтанға ұшып келген ұшақ жайлы естіген боларсыздар. Сол рейсте Миланнан келген коронавирус анықталған жолаушы болған. Мен де сол ұшақта болғам. Соған байланысты рейстегі барлық жолаушы сияқты мен де карантинге түстім», деп жазды ол.

Хабар 24 телеарнасы