425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналдиньо түрмеде футбол жарысына қатысты

  • 446
  • UPD: 20:38, 15.03.2020
Роналдиньо түрмеде футбол жарысына қатысты prosports.kz

Парагвайда қамауға алынған даңқты футболшы Роналдиньо түрмеде футбол жарысына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

39 жастағы бразилиялық футболшыны бірнеше команда сапында көргісі келген. Рони командасымен бірге финалға шығып, шешуші ойында пента-трик пен алты нәтижелі пастың авторы атанды. Роналдиньоның командасы 11:2 есебімен жеңіске жетіп, сыйлыққа 16 келі шошқа етін алды. 

Парагвайдың Асунсьон қаласының соты «Алтын доп» иегері, бразилиялық экс-жартылай қорғаушы Роналдиньоны жалған құжаттар жасағаны үшін қамауға алу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Дереккөздің хабарлауынша, сот Роналдиньо мен оның інісін тергеу барысында қамауда ұстау туралы шешім қабылдады. Бұл шара алты айға созылуы мүмкін.

Сондай-ақ сот Роналдиньоның інісін денсаулығына байланысты шығаруды құп көрмеді, өйткені оны растайтын құжаттар ұсынылмаған. Сот үйқамаққа алынған жағдайда, ағайындылардың қашып кетуі мүмкін екенін, ал Бразилия өз азаматтарын Парагвайға бермейтінін мәлімдеді.

Айта кетелік, Роналдиньо мен оның інісі Роберто де Ассис Морейра Асунсьон әуежайында жалған төлқұжаттармен ұсталған. 5 наурызда Парагвайдың бас прокуроры бразилиялықтарды қамауға алуға санкция берді, бірақ келесі күні экс-футболшы қамаудан босатылды. Алайда бірнеше сағаттан кейін Роналдиньо Бас прокурордың өтініші бойынша тағы да қамауға алынды.

Хабар 24 телеарнасы