425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» плей-офф кезеңіне қатыспайды

  • 429
  • UPD: 15:31, 16.03.2020
«Барыс» плей-офф кезеңіне қатыспайды hcbarys.kz

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде жарысты жалғастырудан бас тартты.

Елорда командасы Гагарин кубогы жолындағы бәсекені мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім шығарды. Андрей Скабелка шәкірттері ертең Новосібірдің «Сібір» клубын қабылдауы тиіс еді. Алайда Қазақстан Президентінің төтенше жағдай жариялауына байланысты «Барыс» хоккей клубы жарысты тоқтатты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгіннен бастап еліміздегі барлық спорттық іс-шараларға тыйым салынды. Сонымен қатар Қазақстан аумағына кіретін барлық транспорт түрлеріне шектеу қойылды. Сондықтан «Барыс» ресейліктерді елордада қабылдай алмайды. Бұған дейін Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінен Финляндияның «Йокерит» клубы да бас тартқан еді.

Хабар 24 телеарнасы