432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі кейінге қалдырылды

  • 308
  • UPD: 09:24, 17.03.2020
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі кейінге қалдырылды

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының 28 наурызға жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды.

«Өкінішке орай 28 наурызда Канадада өтетін жекпе-жек кейінге қалды. Коронавирустың салқыны біздің жекпе-жекке де тиді. Үш ай қан мен тер шығарып, қызу дайындалып, жақсы формаға кіріп едік. Мықты спаррингтер жасап, QAZAQ STYLE-ды шыңдап, шоу көрсетуге дайын болғанбыз. Бірақ Топ ренк спортшылардың денсаулығы маңызды деп шешті. Біздің ғана емес наурыз бен сәуірде өтетін бүкіл жекпе-жектер тоқтатылды», - деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы