447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Фламенго» жаттықтырушысы коронавирус жұқтырды

  • 121
«Фламенго» жаттықтырушысы коронавирус жұқтырды Football.ua

«Фламенго» клубының бас бапкері Жоржи Жезуш коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сынама қорытындысы жаттықтырушының ағзасында жаппай етек жайған індеттің белгілері бар екенін анықтады. Енді Жезус тағы бір тексерістен өтеді. Бұған дейін бразилиялық клубтың вице-президентінен де вирус табылған болатын. Қазір «Фламенго» командасының футболшылары карантинге жабылды. Әзірге ойыншылардан індет белгілері шыққан жоқ. Бразилия чемпионаты да тоқтатылды. Өйткені «Гремио» клубының футболшылары алаңға шығудан бас тартқан еді.

Хабар 24 телеарнасы