399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Армения арасындағы жолдастық кездесу өтпейтін болды

  • 211
  • UPD: 13:09, 17.03.2020
Қазақстан-Армения арасындағы жолдастық кездесу өтпейтін болды olympic.kz

Армения футбол федерациясы Қазақстанмен өтетін жолдастық кездесудің кейінге шегерілгенін хабарлады. 

«Коронавирустың көптеген елдерде етек жаюына байланысты Армения құрамасының жақын арадағы жолдастық кездесулері кейінге қалды. Өзбекстан-Армения (26 наурыз), Қазақстан-Армения (30 наурыз) матчтары өтпейтін болды. 

17 наурыз күні УЕФА өзі ұйымдастыратын турнирлерге қатысты мәлімдеме жасайды. Наурыз айында өтетін 21 жасқа дейінгілер арасында Еуропа чемпионатына іріктеу турнирлері де шегерілетін шығар», – делінген федерация сайтында. 

Айта кетелік, 27 наурызға Қазақстан командасы тағы бір матч жоспарлаған. Сол күні Қазақстан мен Литва құрамасы кездесуі тиіс болатын.   

Ақпарат көзі: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

 

Хабар 24 телеарнасы