411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футболдан Еуропа чемпионаты 2021 жылға қалдырылды

  • 322
  • UPD: 19:03, 17.03.2020
Футболдан Еуропа чемпионаты 2021 жылға қалдырылды eurosport.ru

Эпидемия турнирдің бір жылға кейінге шегерілуіне себеп болды.

УЕФА еуромаусым кезеңінің болашағына байланысты шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды eurosport.ru.

Ұйым президенті Александер Чеферин видеобайланыс арқылы қауымдастықтың 55 басшысының қатысуымен ақылдасып, футболдың болашағын талқылады.

Соның нәтижесі бойынша Еуро-2020 келесі жылға қалдырылды. Бұған коронавирусқа байланысты әлемде жарияланған пандемия себеп. Енді турнир 11 маусым мен 11 шілде аралығында өтеді.

Негізі кәрі құрлық біріншілігі биыл 12 маусым мен 12 шілде аралығында Еуропаның 12 қаласында ұйымдастырылуы тиіс болатын.

Хабар 24 телеарнасы