435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин мен Альварес ауызша келісімге келді

  • 180
  • UPD: 09:20, 18.03.2020
Головкин мен Альварес ауызша келісімге келді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық спортшы Сауль Альварес (53-2-1, 36 КО) үшінші жекпе-жектің қаржылық шарттары туралы ауызша келісімге келді, деп хабарлады Prosports.kz Bleacher Report порталына сілтеме жасап.

Головкин мен «Канело» арасындағы жекпе-жек 12 қыркүйекте Арлингтондағы (Техас, АҚШ) AT&T стадионында өтеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар Альварес маусым айында WBO орташа салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жұдырықтасуды қалайды. Егер бұл жекпе-жек коронавирустық пандемияға байланысты бұзылса, мексикалық күзде Головкинмен кездесуге дайын.

Головкин мен Альварес арасындағы екі жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өткен еді. 2017 жылдың қыркүйегінде тең есеп тіркелсе, ал 12 айдан кейін мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы