435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теннистен «Ролан Гаррос» турнирі қыркүйек айына шегерілді

  • 109
  • UPD: 14:17, 18.03.2020
Теннистен «Ролан Гаррос» турнирі қыркүйек айына шегерілді Евроспорт

Теннистен «Үлкен дулыға» санатына енетін «Ролан Гаррос» турнирі қыркүйек айына ауыстырылды, деп хабарлайды жарыстың ресми сайтына сілтеме жасаған Olympic.kz.

«COVID-19 індеті бүкіл әлемді жайлауда. Франция теннис федерациясы cпортшылар мен ұйымдастырушылардың денсаулығын сақтау мақсатында турнирді қыркүйекке қалдыру туралы шешім қабылдады. Жарыс 2020 жылдың 20 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді. 18 мамырға дейін жағдайдың қандай болатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Десе де қазіргі таңда енгізілген шектеулердің салдарынан біз тыңғылықты дайындық жүргізе алмаймыз. Сол себепті жарысты өткізу мерзімін кейінге шегеруді жөн санадық. Біз қиын әрі батыл шешім қабылдадық. Біз жауапкершілікті сезінеміз және баршамыздың қауіпсіздігіміз үшін бірге жұмыс істеуіміз керек», – дейді президент Бернард Джудичелли.

Хабар 24 телеарнасы