435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия Олимпиада алауын Жапонияға табыс етті

  • 110
Грекия Олимпиада алауын Жапонияға табыс етті

Салтанатты рәсім Афиндегі стадионда өтті. 

Әлемде коронавирустың қарқын алуына байланысты алауды табыстау рәсімі көрермендерсіз өтті. Алау эстафетасында Олимпиада чемпиондары Катерина Стефаниди мен Лефтерис Петрунис қатысқан.

Өкінішке орай, алауды қабылдау рәсіміне жапониялық спортшылар келе алған жоқ. Олар видеохабарлама жіберді. 

Ұйымдастырушылар театрландырылған қойылымды да көрсеткен жоқ. Ресми дерек бойынша алауды Грекия Олимпиада комитетінің президенті мен ХОК мүшесі Спирос Капралосқа табыстады. Ол өз кезегінде Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Наоко Имотоға ұсынған.  Енді Олимпиада алауы Токионы шарлайды.

Хабар 24 телеарнасы