445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапония Олимпиада алауын Грекиядан қабылдап алды

  • 566
Жапония Олимпиада алауын Грекиядан қабылдап алды rbc.ua

Олимпиада алауының жалыны тұтас әлемге қауіп төндірген коронавирусты тоқтатады.

Осылай деп ұран тастаған Жапон елі Токио ойындарының алау эстафетасын Грекиядан қабылдап алды. Салтанатты рәсім Афинадағы 50 мың адамдық ежелгі стадионда өтті. Дәл осы жерде 1896 жылы алғашқы заманауи олимпиада ойындары басталған болатын. Қауіпті індеттің таралуына байланысты алау эстафетасын табыстау сәті көрерменсіз өтіп, тек ресми өкілдер қатысты. Жергілікті олимпиада чемпиондары Катерина Стефаниди мен Лефтерис Петрунис алау құтысын Грекия олимпиада комитетінің президенті Спирос Капралосқа табыстады. Ол эстафетаны «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Наоко Имотоға берді. Айтулы жиында мәдени іс-шаралар өткен жоқ. Спирос Капралос алау жалыны вирустың көзін жойып, қауіпті індетті жеңетініне сенім білдірді. Енді ойындар алауы 26 наурыздан бастап Жапонияны аралайды. Күншығыс еліндегі кешенді сын 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі тиіс. Жапония мен халықаралық олимпиада комитеті төртжылдықтың басты додасы уақытында өтетініне сенімді.

Хабар 24 телеарнасы