426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккейден 2020 жылғы әлем чемпионаты өтпейді

  • 436
Хоккейден 2020 жылғы әлем чемпионаты өтпейді Prosports.kz

Халықаралық хоккей федерациясы Швейцарияда өтуі қажет болған әлем чемпионаты коронавирус ахуалына байланысты өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

– Хоккей әлемі үшін қатаң шешімді қабылдауға мәжбүрміз. Коронавирус жаһан проблемасына айналды. Халықаралық хоккей федерациясы коронавирусқа қарсы соғысты қолдау үшін қолынан келгенін аянып қалмауы қажет. Біз әзірге спортты кейінге шегеріп, мемлекеттерді қолдауымыз керек, - делінген мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионаты Цюрих және Лозанна қалаларында мамыр айында өтуі қажет болған. Бұған қоса Халықаралық хоккей федерациясы әлемдік доданы кейінге шегермейтінін мәлімдеген.

Хабар 24 телеарнасы