435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР футзал құрамасы мен бас бапкер әлемдегі үздік номинанттар тізіміне енді

  • 114
  • UPD: 23:21, 22.03.2020
ҚР футзал құрамасы мен бас бапкер әлемдегі үздік номинанттар тізіміне енді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Кака, команда ойыншылары Игита мен Тайнан 2019 жылғы Futsalplanet Awards нұсқасы бойынша футзалдан әлемнің үздіктері номинанттарының қатарына кірді.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері әрі «Қайрат» футзал командасын басқаратын Кака «2019 жылдың үздік клуб бапкері» атағы бойынша номинанттар тізіміне енген.

Оған клуб командаларына жұмыс істейтін 9 маман бәсекелес болып отыр. 2018 жылы Кака испандық «Интер Мовистар» командасындағы әріптесі Хесус Веласкоға жол беріп аталған номинацияда екінші орын алған еді.

Қазақстан құрамасының қақпашысы «2019 жылғы әлемнің үздік голкипері» атағынан үмітті. 26 жастағы шабуылдаушы Тайнан болса әлемнің үздік ойыншысы атағын жеңіп алуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 34 жастағы Игита бұл номинацияны үш мәрте (2015, 2016 және 2018 жылдары) жеңіп алған болатын. Тайнан болса бұл тізімге бірінші рет еніп отыр.

Futsalplanet Awards номинацияларының жеңімпаздары 2020 жылдың 26 наурызында жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы