420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресми: Канада Токио олимпиадасына қатыспайды

  • 434
  • UPD: 13:19, 23.03.2020
Ресми: Канада Токио олимпиадасына қатыспайды twitter

Канада жазғы Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені коронавирустың өршуіне байланысты спортшылардың денсаулығын қатерге қоя алмайды. Осылайша мемлекет өз құрамасын Токиоға жібермейтін болды. Сондай-ақ ұйымдастырушыларды шараны бір жылға кейінге қалдыруға шақырды. Бұған дейін Жапония пандемияға қарамастан, жоспарланған ауқымды шараны өткіземіз деп мәлімдеген еді. Енді вирустың дендеуіне байланысты кейінге қалдыру нұсқасы да қарастырылып жатқанын айтады. Бұл орайда Халықаралық олимпиада комитеті Олимпиада ойындарына қатысты соңғы әрі нақты шешімді алдағы 1 айда қабылдайтынын жариялады.

Хабар 24 телеарнасы