432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ольга Рыпакова Олимпиаданың шегерілуіне байланысты пікірімен бөлісті

  • 514
Ольга Рыпакова Олимпиаданың шегерілуіне байланысты пікірімен бөлісті

Олимпиада ойындарының жеңімпазы, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Токио Олимпиадасының шегерілуіне байланысты пікірімен бөлісті.

«Халықаралық Олимпиадалық комитет төрт жылдықтың басты додасының өткізілу мерзімін кейінге ауыстырғанымен Олимпиада атауы сол бойынша өзгеріссіз қалмақ. Нақты өтетін күні белгісіз. Бірақ 2021 жылдың 24 шілдесінен кешіктірілмей өтеді. Әрине ұйымдастырушылар мен спортшылар үшін бұл өкінішті жағдай. Десе де, бүгінгі таңда адамзат денсаулығын бірінші орынға қойғаны маңызды. Біз әлемде болып жатқан жағдайға көз жұма қарап, тәуекелге бел буа алмаймыз. ХОК пен Жапония үкіметі халықты ойлағаннан кейін осындай шешімге келді. Біз бәріміз қазір соны ойлауымыз керек. Қазіргі жағдай сәтті аяқталып, Токио-2020-да аман-есен кездесеміз деп ойлаймын. Жаттығуды тоқтатпай, дайындық жұмыстарын әрі қарай жалғастырамыз», - деген өзінің инстаграм парақшасында Ольга Рыпакова.

Хабар 24 телеарнасы