445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ең табысты футболшылар анықталды

  • 499
  • UPD: 15:44, 26.03.2020
Ең табысты футболшылар анықталды

Француздық France Football басылымы 2019 жылдың ең табысты футболшыларының рейтингін жариялады.

Бірінші орында «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси тұр. Ол 131 млн еуро тапқан. Екінші орынға 118 млн еуро табысы бар «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду жайғасты. ПСЖ шабуылшысы Неймар 95 млн еуромен ең табысты футболшылар үштігінің қатарына кірді.

Төртінші және бесінші орындарда тұрған «Реал» шабуылшысы Гарет Бэйл және «Барселона» шабуылшысы Антуан Гризманн 38,7 және 38,5 млн табысқа ие болған.

Хабар 24 телеарнасы