399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Игита әлемнің үздік қақпашысы атанды

  • 231
  • UPD: 11:05, 27.03.2020
Игита әлемнің үздік қақпашысы атанды

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» қақпашысы Игита «Әлемнің ең үздік қақпашысы» атағына ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футзал әлеміндегі жеке марапаттар бойынша дауыс беру нәтижелері futsalplanet.com ресми сайтында жарияланды.

«Қайрат» ҚФ капитаны Игита әлемдегі ең үздік қақпашы ретінде үш рет танылғаннан кейін (2015, 2016, 2018) төртінші рет құрметті марапатқа бүгін ие болды.

Игита 693 ұпай жинады, испандық қақпашы Хуанходан 20 ұпайға озып кетті. Үшінші орын 655 ұпай жинаған «Спортинг» қақпашысы Гиттаға бұйырды.

Хабар 24 телеарнасы