419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус: «Тур де Франс» та кейінге шегерілуі мүмкін

  • 205
  • UPD: 14:51, 30.03.2020
Коронавирус: «Тур де Франс» та кейінге шегерілуі мүмкін ҚР ҰОК

Халықаралық велошабандоздар одағының  президенті Дэвид Лаппартиент қазіргі жағдайға байланысты жаңа күнтізбе жоспарын дайындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

«COVID-19 пандемиясына қатысты күнтізбеде бірнеше халықаралық ірі жарыстың кейбіреуі кейінге шегеріліп, енді біразы өтпейтін болды. Әлемдегі жағдайды бақылай отырып, велошабандоздар мамыр айының соңына дейін трассаға шықпаулары мүмкін. Қазіргі таңда барлық спортшылар оқшауланып, алдын алу шараларын қатаң сақтанып отыр.

Осы маусымдағы бірнеше маңызды доданың кейінге қалдырылып, тіпті өтпей қалу себепті күнтізбеге өзгеріс енгізіледі. Халықаралық ірі додалардың тізіміне әйгілі «Тур де Франс» көпкүндігі де кіреді.

Біз спортшыларға кесірі тимейтіндей тиімді кестені қарастырамыз. Ал вирустың өршуіне байланысты қазірше маусымның қай кезде жалғасатынын айту қиын», – дейді Лаппартиент. 

Хабар 24 телеарнасы