Лондонның «Арсенал» клубының 31 жастағы германиялық жартылай қорғаушысы Месут Озил әке атанды.
Бұл туралы ол өзінің twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Şükürler olsun ki kızımız “Eda” sağlıklı bir şekilde dünyaya geldi???❤️ Rabbim bize, çevresine ve bütün insanlığa hayırlı bir evlat olmasını nasip eder inşallah, AMİN??
— Mesut Özil (@MesutOzil1088) March 30, 2020
Amine & Mesut Özil????? pic.twitter.com/oElNb9dOeG
«Аллаға шүкір, қызымыз Эда аман-есен дүниеге келді», – деп жазды Месут суреттің астына.
Бұл – футболшының тұңғышы. Ал жұбайының есімі – Амине Гюльше.
Биылғы маусымда Озил «Арсенал» сапында 23 матчқа қатысып, 1 рет мергендік танытса, 3 рет нәтижелі пас берген. Бұл клубпен келісімшарты 2021 жазына дейін жасалған. Transfermarkt.de порталының хабарлауынша, оның қазіргі трансферлік құны – € 22 млн.