422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

IJF жанкүйерлерге арналған Throw to Тokyo жарысын тоқтатты

  • 347
  • UPD: 10:38, 31.03.2020
IJF жанкүйерлерге арналған Throw to Тokyo жарысын тоқтатты

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жанкүйерлерге арналған Throw to Tokyo жарысының тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Olympic.kz.

Жанкүйерлерге арналған сайыстың тоқтатылуына коронавирус пандемиясына байланысты Токиода өтетін Олимпиада ойындарының бір жылға кейінге шегерілуі себеп болған.

IJF ұйымдастырған жарыстың шарты бойынша үздік әдіс көрсеткен жанкүйер жеңімпаз атанады. Үздік танылған жеңімпаз ұйымдастырушылар тарапынан Токиоға барып келетін авиа билеті, тұратын орын мен Олимпиада ойындарының билетіне иелік етеді.

Хабар 24 телеарнасы