423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық спорт та онлайн тәртіпке көшті

  • 470
  • UPD: 15:02, 31.03.2020

Қалыптасқан жағдайға байланысты құзырлы министрлік жаңа жобаны қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның аясында күнделікті әлеуметтік желілер арқылы онлайн сұхбаттар мен жаттығу жұмыстары көрсетіледі. Бұған қоса, әртүрлі тақырыптағы дәрістер мен сабақтар ұйымдастырылады. Жобаға саладағы айтулы тұлғалар қолдау білдіріп, оның сәтті жүзеге асуына атсалысып жатыр. «Біз біргеміз» және «Алға Қазақстан» деген ұрандармен қолға алынған бастама карантин уақыты аяқталғанға дейін жалғасады.

Серік Сәпиев, ҚР МСМ Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы:

- Мәдениет және спорт министрлігінің жаңа жобасы басталды. Мысалы, мәдениетте карантиндегі жұлдызы бар. Спортта «Біз біргеміз», «Алға Қазақстан» деп, таңғы жаттығу өткіземіз. Содан кейін сұхбат, кешкі сұхбат аламыз. Күндіз сабақтар, лекциялар интернет арқылы бүкіл қазақстандықтар көреді. Сондай, біз қазір онлайнға көштік.

Хабар 24 телеарнасы