420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ювентус» Криштиану Роналдуды сатуы мүмкін

  • 363
  • UPD: 14:29, 31.03.2020
«Ювентус» Криштиану Роналдуды сатуы мүмкін news.sportbox.ru

Туриндік «Ювентус» қаржылай қиындықарға байланысты шабуылшы Криштиану Роналдуды басқа клубқа сатуы мүмкін, деп хабарлайды Il Messaggero.

Шығын көріп жатқанына байланысты «Ювентус» маусым жанданғанда Роналдуға бұрынғы айлығын төлей алмайтынға ұқсайды. Қазіргі кезде 35 жастағы португалиялық жылына 31 миллион еуро алады.

Осыған байланысты бұл қиындықты шешудің бір жолы – Роналдуны басқа клубқа сату. Туриндік клуб 70 миллионнан басталатын ұсыныстарды қарастыруға дайын. Дегенмен форвард 2022 жылға дейін есептелген қазіргі келісімшарт аяқталғанша да ойнауы мүмкін. 

Хабар 24 телеарнасы