411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси үздік 15 жас футболшының тізімін жасап, өз бағасын берді

  • 666
  • UPD: 09:28, 01.04.2020
Месси үздік 15 жас футболшының тізімін жасап, өз бағасын берді

Каталониялық «Барселона» мен «Аргентина» құрамасының шабуылшысы Лионель Месси футбол әлемінде танымал болып келе жатқан 15 жас жұлдыздың есімін атады.

Ол әр футболшыны қысқаша сипаттап шықты, деп хабарлады Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.

Трент Александр-Арнольд («Ливерпуль») – шабуылда керемет ойнайтын қорғаушы. Болашағы бар.

Кристиан Пулишич («Челси») – ол керемет тепе-теңдік пен ептілікке ие.

Мейсон Маунт («Челси») – менің байқауымша, ол ең үздіктердің бірі бола алады.

Фил Фоден («Манчестер Сити») – ол ойында таңқаларлық нәрселер жасайды, үлкен дарын иесі.

Джадон Санчо («Боруссия Дортмунд») – оның қорғаушыларды оңай алдап өтуі таң қалдырады.

Лука Йович («Реал») – мүмкін еместі мүмкін ететін сиқыршы.

Кай Хавертс («Байер») – оның жасын ескеретін болсақ, қарсыласының қақпасы жанындағы әрекеті тамсандырмай қоймайды.

Эдер Милитао («Реал Мадрид») – керемет дарынды қарсылас.

Усман Дембеле («Барселона») – оның жаттығу қарқыны адам қорқытады.

Уссем Ауар («Лион») – ол әрдайым доппен ұстамды қимылдайды, техникасы ерекше.

Фрэнки Де Йонг («Барселона») – мен бұрын-соңды көрмеген, өз жасындағылардың ішінде ең тәжірибелі пас бергіштердің бірі.

Джуан Фелиш («Атлетико») – әлемдегі ең қызықты жас ойыншылардың бірі.

Килиан Мбаппе (ПСЖ) – ол өте жылдам және шабуылдарды қалай аяқтау керектігін біледі, өте қауіпті ойыншы.

Йозуа Киммих («Бавария») – өте дарынды қорғаушы, әріптестеріне дер кезінде көмек көрсете біледі.

Бенжамен Павар («Бавария») – көп соққы жасай білетін керемет қорғаушы.

Айта кетейік, Месси тізімінде Эрлинг Холландқа («Боруссия Д») және Goal порталының нұсқасы бойынша маусымның ең үздік жас ойыншысы Бразилия Родриго Гоеске («Реал Мадрид») орын табылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы